Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шымкентте танысудан бас тартқан қызға стақан лақтырған ер адам ұсталды

Шымкентте танысудан бас тартқан қызға стақан лақтырған ер адам ұсталды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Шымкентте дәмханада бойжеткенге стақан лақтырып, жарақаттаған ер адам ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін қаладағы дәмханалардың бірінде екі қыз бен бір топ ер адамның арасында жанжал шыққан еді.

Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, ер адамдар қыздармен таныспақ болған. Алайда бойжеткендер одан бас тартқан соң, ер адамдардың бірі стақан лақтырған.

Салдарынан қыздың ерні, тісі мен қолы жарақаттанып, медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілген. Ал күдікті полицияның келуін күтпей, дәмханадан кетіп қалған.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.