Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Коронавирус

Қазақстандық дәрігерлер пандемия кезінде 229 миллиард теңге үстемақы алды.

Қазақстандық дәрігерлер пандемия кезінде 229 миллиард теңге үстемақы алды.

Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейтінін хабарлады.

«Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды» – деп жазады «Хабар 24» телеарнасы премьер-министр орынбасарына сілтеме жасап.

Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.

Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.

Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ковидтік» үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды. 

Бөлісу