Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Коронавирус

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге егіледі.

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге егіледі.

Қазақстанда QazVac вакцинасын егу кезінде дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлерге басымдық беріледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл қазақстандық вакцинаны қазақстандық вакцинаның бірінші кімдерге салынатынын айтты.

«Спутник V пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: «Спутник V» немесе QazVac-ты салғыза алады», — деді ол баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бүгінде QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

Бөлісу