Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Коронавирус

104 оқушыдан коронавирус анықталды.

104 оқушыдан коронавирус анықталды.

Елімізде сабақ басталғаннан бері 104 оқушыдан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.
— Өкінішке орай, оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында инфекцияның 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і кезекші сыныптың оқушылары. Олар өз кезегінде 550 адаммен байланыста болып, оның жетеуіне коронавирус жұқтырған. Сонымен бірге қашықтықтан білім алып жатқандардың арасында да 71 жағдай анықталды, — деді министр.
Цойдың пайымдауынша, балалар әдеттегідей мектепке барып оқығанда бұл көрсеткіш 1500-ге дейін көбейіп, коронавирусты оқушылар ғана емес ұстаздар мен отбасы мүшелері де жұқтырар еді. Сондықтан министр әкімдерді санитарлық-дезинфекция, маска режимі, білім беру ұйымдарындағы сыныптар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге шақырды.

Бөлісу