Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қаруды заңсыз сақтағандар әшкере болды.

Қаруды заңсыз сақтағандар әшкере болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 28 маусымында ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі.

Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады.

Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді.

Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу