Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шұғыл ақпарат

Алматыда автобус дүкенге соғылып бір адам қаза тапты.

Алматыда автобус дүкенге соғылып бір адам қаза тапты.

Бүгін сағат 14:20-да Алматының қақ ортасында қоғамдық көлік дүкенге соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 16 жолаушы зардап шекті.

Дүкенге соғылған автобустың қираған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жол-көлік оқиғасы Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

Полдицейлер оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, — деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Бөлісу