Алматыда RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты. Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны тағайындау кезінде Ертаевтің өз кінәсін мойындағаны, қылмыстық істі тергеуге көмектескені, шығынды ішінара өтегені және кәмелетке толмаған балаларының бары ескерілді. Бұл іс бойынша 37 адамның сотталғанын атап өту керек. Олардың қатарында RBK банкінің бұрынғы басшылары Игорь Мажинов пен Марпа Жакубаева, Qazaq banki-нің акционері Бахыт Ибрагимов бар. Күдіктілердің бірі сот ісі аяқталмай қайтыс болды. Қылмыстық іс 46 эпизод пен 700 томды құрады. Ал айыптау актісі 3600 парақтан асты.
Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды.
Ұқсас материалдар
Барлығы
23 тамыз, 2026
Алматы
Алматыда «Карина Paper» зауытының қызметкерлері Құрылтай сайлауында дауыс берді
23 тамыз, 2026
Алматы
Алматыдағы ТЖД қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысты
11 тамыз, 2026
Алматы
Алматыдағы ірі кәсіпорын өкілдері Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
9 тамыз, 2026
Алматы
Алматыда Абай Әлемі ұлықталды
1 шілде, 2026
Алматы
Алматы жастары жаңа Конституцияның күшіне енуін ауқымды перформанстар мен арт-акция арқылы атап өтті
30 мамыр, 2026
Алматы