Алматы қаласындағы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын бақылау департаменті комиссияның оңды шешімі үшін өз қызметкерлерінен ақша жинаған. Ведомствоға қарасты Алмалы, Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы басқармалар әрбір адамнан 10 мың теңгеден алған. Ал, департаментке бір мекеме 200 доллардан тапсырыпты. Қаражат ведомствоға ішкі аудит жүргізген инспекторға берілген. Бұл жайында бүгін қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Ол фактілерді қағаз бетіне түсіріп денсаулық сақтау және қаржы министрлігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хат жолдаған. Осыдан кейін тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын бақылау департаментіне бірнеше рет тексеру жүргізілді. Бірақ қоғам белсендісі бұл шарадан шеттетілген және комиссиясының алдыңғы шешімі өзгеріссіз қалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Біз Алматыға барып әрбір аумақтық басқармаға тексеру жүргіздік. Қызметкерлер анонимді анкета толтырды. Заңсыз ақша жинау фактілері расталған жоқ», — деген жауап қайтарды. Бүгін «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деп тағы бір пост жазған Қайырғали Көнеев енді ҚР Бас прокуратурасына шағымданбақшы.
«Қарға қарғаның көзін шұқымайды».
Ұқсас материалдар
Барлығы
11 тамыз, 2026
Алматы
Алматыдағы ірі кәсіпорын өкілдері Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
9 тамыз, 2026
Алматы
Алматыда Абай Әлемі ұлықталды
1 шілде, 2026
Алматы
Алматы жастары жаңа Конституцияның күшіне енуін ауқымды перформанстар мен арт-акция арқылы атап өтті
30 мамыр, 2026
Алматы
Алматыда полиция киімін тігуге 1 млрд теңге жұмсалмақ
23 мамыр, 2026
Алматы
Алматыда алғаш рет түнде велошеру өтеді
22 мамыр, 2026
Алматы