14-05-19 |
1950 рет қаралған
Электронды коммерцияның дамуына байланысты АҚШ-та 20-25% сауда орталықтары жабылады.
Электронды коммерцияның дамуына байланысты АҚШ-та 20-25% сауда орталықтары жабылады

Алдағы 5 жылда электронды коммерцияның дамуына байланысты АҚШ-та сауда орталықтарының 20-25% жабылады, деп мәлімдеді ҚР үлттық экономика министрі Руслан Даленов.
«Алдағы 5 жылда әлемде электронды коммерция 1 трлн АҚШ долларына дейін артады. Электронды сауданың шексіз мүмкіндіктері дәстүрлі дүкендердің интернет желісіне көшуіне ықпал етеді. Соңғы 2 жылда АҚШ-та 10 мыңнан астам дүкен жабылған. Алдағы 5 жылда АҚШ-та сауда орталықтарының 20-25% жабылуы мүмкін», – деді Даленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, алдағы уақытта электронды коммерцияның дамуының негізгі трендтері дәстүрлі сауданы онлайнға қарай ығыстыруы, 2В сегментті онлайн-нарығына белсенді түрде шығуы, интернет-сатып алуларға қол жетімділік пен ыңғайлылы сатып алушы үшін бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді.
Даленовтың айтуынша, электронды тауарлардың кең тараған түрлеріне киім, электроника, жиһаз және азық-түлік өнімдері жатады.
«2018 жылы нарық көлемі 1,8 трлн АҚШ долларын құрады, бұл әлемдік бөлшек тауар айналымының 11,6% құрайды», – деп атап өтті ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.