16-05-19 |
3720 рет қаралған
Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы шықты.
Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы шықты

Бүгін Алматыдағы Қазпошта орталығында қазақтың классик  жазушысы Бейімбет Майлиннің 125-жылдық мерейтойына арналған пошта маркасын таныстыру салтанаты өтті, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Шараға жазушының ұрпақтары мен ақын Олжас Сүлейменов қатысты.

Бейімбет Майлин атындағы Қордың директоры әрі жазушының немересі Салтанат Әбиүірқызы пошта маркасын шығару жұмыстары өткен жылы басталғанын айтады.

«2018 жылы «Қазпошта» АҚ-на хат жолдап, атамыздың 125 жылдығына пошта маркасын шығарғымыз келеді деп өтініш жіберген едік. Бүгін міне сол күнге де жетіп отырмыз. Сондай-ақ алдағы уақытта Алматыдағы Бейімбет Майлин атындағы көшенің бойында жазушының ескерткіші бой көтереді. Ол бойынша Алматы әкімдігімен жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-дейді ол.

Алдағы уақытта сонымен қатар Қостанай обысы Таран ауданына Бейімбет Майлиннің атын бергелі жатыр екен. Бұл бастаманы аудан халқы бірауыздан қолдап, жазушының мерейтойы қарсаңында ауданға соның атын беру жөнінде өтініш білдірген.

«Мерейтой қарсаңында түрлі мүшайралар мен ақындар айтысы ұйымдастырылады. Қызылорда, Нұр-Сұлтан сияқты қалаларда көрмелер мен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар жазушы жайында деректі фильм түсіріледі»,-дейді жазушының немересі.

Сөз арасында ол жазушының қанша баласы бар екенін және қай өңірлерде тұрып жатқанын айтып өтті.

«Б. Майлиннің 3 ұлы мен 2 қызы болған. Мен, оның үлкен қызы Разия майлинадан тараймын, ол кісіде 8 бала болған. Ал, үлкен ұлы Әукен 1938 жылы соғысқа жіберілген, штраф баталоны қатарында болған, соғысқа кеткеннен оралмаған, белгісіз. Мереке, Еділ атты ұлдары да марқұм болып кетті. Мерекенің Болат пен Нағима деген балалары Қарағандыда. Еділ ағаның да балалары бар»,-дейді С. Әбиүірқызы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.