АХҚО Сотында алғашқы істің қаралымы өтті
Нұр-Сұлтанда Астана экономикалық форумының алғашқы күні өтті. Екі күнге созылатын бұл іс-шара “Астана” халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өткен іскерлік таңғы астан басталды.
Таңғы асқа АХҚО өкілдері, Үкімет мүшелері мен Форум спикерлерлі жиналып, “Астана” халықаралық қаржы орталығының жұмыс барысын талқылады. Алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықтың артықшылықтарына тоқталып өтсе, АХҚО сотының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт сот жұмысындағы жетістіктерді тізіп өтті.
“Біз сотта алғашқы іс қаралымы өткенін мақтанышпен айта аламыз. Бұған өзге халықаралық қаржы орталықтарының сотымен салысытырғанда, дамуымыздың алғашқы сатыларында-ақ қол жеткізе алдық. Биылғы жылы біз істерді электронды түрде қарастырудың және тіркеудің халықаралық стандартын қамтамасыз ету мақсатында eJustice атты өз жүйемізді іске қостық. Аталмыш жүйені Сингапурдың белді технологиялық компаниясы CrimsonLogic-пен бірлесе отырып құрдық. Біз арнайы оқудан өтіп, eJustice жүйесінің жұмысына қатысты оң бағаға ие болдық. АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы енді Қазақстанда болу қажеттілігінсіз және адвокат пен тараптардың қатысуынсыз электронды түрде тәулік бойы қолжетімді болып отыр. Біз Қазақстан азаматтарының білімін шыңдап, оларды АХҚО соты мен ХАО жұмысына тарттық. Жақында біз Англия мен Уэльстің Заң қоғамымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық және 2019 жылдың аяғына дейін әлем мойындауына ие болу жұмысын арттыра түспекпіз”, – дейді Кристофер.
Астана экономикалық форумы биылғы жылы “Ынталандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономика” тақырыбы аясында болмақ. Форум алаңына жаһандық көшбасшылар, сарапшылар мен бизнес қоғамының өкілдері жиналды. Екікүндік іс-шара барысында тұрақты дамудың, адами капиталды дамытудың жаңа жолдары, білім мен инновацияның халықаралық орталығы ретінде қала сапасын көтеру мүмкіндіктері талқыланатын болады.
Осы орайда АХҚО ел астанасының қаржылық әрі экономикалық орталығына айналғанын айта кеткен жөн. Бүгінде АХҚО алаңына Қазақстан, АҚШ, БАӘ, Сингапур, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Франция елдерінен жүзден аса компания тіркеліп үлгерді. АХҚО өзіне тіркелген компаниялар санын 2020 жылға дейін 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024