15-11-23 |
6810 рет қаралған
Бір жылдың ішінде мемлекетке 1 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарылды.
Бір жылдың ішінде мемлекетке 1 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарылды

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев «Қазақстан» телеарнасына берген сұхбатында заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстардың барысы туралы айтып берді.

«Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмысын біз бастап кеткен болатынбыз. Осы бір жылдың ішінде 1 трлн теңгеге жуық заңсыз алынған қаражат мемлекетімізге қайтарылды», – деді Жандос Өмірәлиев.

Аталған 1 триллионның ішінде шет мемлекеттерден Қазақстанға қайтарылған 600 млн АҚШ доллары да бар. Бұған қоса, ел ішінде қаражатпен қатар, заңсыз иемденілген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер де қайтарылған. Оның ішінде ірі кәсіпорындардың үлестері, қонақүйлер, кеңсе ғимараттары, мейрамханалар, жер учаскелері, теміржолдар мен бағалы зергерлік бұйымдар және т.б. бар.

«Шын мәнінде мысалдар өте көп. Біз заң аясында мәжбүрлі және ерікті тәсілмен заңсыз иемденілген активтердің барлығын анықтайтын боламыз және оларды елге қайтаруды мақсат етіп қойдық. Оған қол жеткіземіз деп ойлаймын», – деді Бас прокурордың орынбасары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.