18-05-19 |
1600 рет қаралған
АҚШ бизнесмендері АХҚО-ның Қазақстан экономикасын әртараптандыратынына сенім білдірді.
АҚШ бизнесмендері АХҚО-ның Қазақстан экономикасын әртараптандыратынына сенім білдірді

Кеше АҚШ-тың бизнес-қауымдастығы өкілдеріне “Астана” халықаралық
қаржы орталығы (АХҚО) мүмкіндіктері таныстырылды. 40-тан астам мамандар
өңірлік қаржылық хабтың басты даму бағыттарымен таныс болды.
Айта кетерлігі, жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған АХҚО
Басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықтың ағылшын құқығы негізінде жұмыс
жасайтынын айтып, АХҚО  тек Қазақстан ғана емес, Орталық Азия өңірінің
қаржылық орталығына айналу мақсатын көздейтінін жеткізді.
“АХҚО инвесторларға етене таныс ыңғайлықтар ұсынады, оның ішінде
ағылшын құқығы да бар. Осы орайда, Қазақстанда өзіне жаңа мүмкіндіктер ашуды
көздейтін америкалық бизнес өкілдеріне есігіміз айқара ашық екенін айтқым
келеді”, – деді Қайрат Келімбетов.
Шетелдік меймандармен кездесу барысында, сондай-ақ, АХҚО-ның қазіргі
қызметінен мол ақпарат беретін таныстырылым назарға ұсынылды. Coca-Cola,
The Bassiouni Group, Nalco Water, Tyson Foods, The Wicks Group Consulting LLC
сынды белді АҚШ компанияларының өкілдері АХҚО-ның артықшылықтарын
тізбектейтін презентацияны тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Аталмыш кездесуді Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен  халықаралық
өзара түсіністік бойынша АҚШ кәсіби кеңесі ұйымдастырып отыр. АҚШ-тың бизнес
элитасы шақырылған басқосу екі ел арасындағы сауда-инвестициялық
ынтымақтастықты дамытып, америкалық компаниялардың үздік тәжірибесін
елімізге енгізуге және ауқымды екіжақты инвестициялық жобаларды бастауға
септік болады деп күтілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.