05-09-19 |
1320 рет қаралған
Божко халықтан кешірім сұрай ма?.
Божко халықтан кешірім сұрай ма?

Мәжіліс депутаты, вице-спикер Владимир Божконың Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысы кезіндегі үзілісте tengrinews.kz тілшісіне әлеуметтік көмек туралы айтқан сөзі жұрттың ашу-ызасын келтіріп, әлеуметтік желілерде Божконың халықтан кешірім сұрауын талап етушілердің қарасы көбейіп жатыр.

«Биліктің не істеп жатқанын түсініп, көру керек. Үш жылдың ішінде тұрғындарды әлеуметтік қолдау 17 рет өскен. Осы үшін ғана мемлекеттің алдында дізерлеп отырып рахмет айту керек. Ештеңе істемейтін адам шыға келеді де оған бәрін беріңдер дейді. Мұндай адамды қораға қамайтын қоғамдық пікір болуы тиіс» деген еді В.Божко.

Осы сөзі үшін қоғам сынына ұшыраған Божконың халықтан кешірім сұрауын талап етушілер көп. Көпшіліктің ойынша, халыққа қаратып мұндай сөз айтатын адамның орны Мәжіліс емес, сондықтан Божко депутат мандатын тапсыруы тиіс.

Әлеуметтік желілердегі сынға Божко әлі ләм деп жауап қатқан жоқ. Божконың сөзіне қатысты билік қандай қадамға барары белгісіз.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.