20-09-19 |
2680 рет қаралған
Өзбекстанда тойға 200 ден артық адам шақыруға тыйым салды.
Өзбекстанда тойға 200 ден артық адам шақыруға тыйым салды

Өзбекстан парламентінің қос палатасы біріккен отырыста отбасылық шараларды өткізу ережесін бекітті, – деп Азаттықтың Өзбек қызметі сілтеме жасап, Азаттықтың қазақ қызметі жазады.

Оған сәйкес, 1 қаңтардан бастап ел азаматтары тойға 200-ден артық адам шақыра алмайды, «палау беру» рәсіміне шақырылатын адамдар саны 250-ден аспауы тиіс. Егер қос жұп тойы болса, оған 250-ге дейін ғана адам қатыса алады. Жаңа ереже бойынша, жаназамен байланысты рәсімдер үш күннен артық созылмауы керек.

Жаңа тәртіп бойынша, шара кезінде және одан кейін де «ұлттық дәстүрге қайшы келетін» ғұрыптар атқаруға тыйым салынған. Аудандық кеңес басшылары ереженің орындалуын қадағаламақ.

«2007 жылдан бері Тәжікстанда да осыған ұқсас шектеулер енгізілген» деп жазады Азаттықтың Тәжік қызметі. Мұндай заң президент Эмомали Рахмонның «тойдағы ысырапшылық» жайлы мәлімдемесінен кейін қабылданған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.