03-12-19 |
1460 рет қаралған
Даниал Ахметовке жалған ақпарат беріп, алдап соққан.
Даниал Ахметовке жалған ақпарат беріп, алдап соққан

фото: qazweek.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті өзі басқарып отырған облыстың білім басқармасы шенеуніктері оқушы саны көп мектепке қосымша корпус салынып, қолданысқа берілді деп жалған ақпарат беріп, алдап соққан. Бұл туралы облыс әкімінің өзі инстаграм парақшасында жазды.

«Құрметті достар, өткен аптада Өскемендегі Согра шағын ауданындағы №23 мектепте болдым.

Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білім шаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған еді. Мектепті аралау кезінде маған қосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралы ақпарат жеткізілді.

Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты.

Тапсырмам бойынша тексеру жүргізілді. Өкінішке орай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әлі қолданысқа берілмеген.

Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды» деп жазады Д.Ахметов.

View this post on Instagram

Құрметті достар, өткен аптада Өскемендегі Согра шағын ауданындағы №23 мектепте болдым. ⠀ Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білім шаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған еді. Мектепті аралау кезінде маған қосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралы ақпарат жеткізілді. ⠀ Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты. ⠀ Тапсырмам бойынша тексеру жүргізілді. Өкінішке орай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әлі қолданысқа берілмеген. ⠀ Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. ⠀ _____ ⠀ Уважаемые друзья, на прошлой неделе посетил школу №23 в микрорайоне Согра. ⠀ Данное учебное заведение в связи с большой нагрузкой было переполнено. Поэтому было принято решение построить дополнительный корпус. В ходе посещения меня проинформировали, что пристройка введена в эксплуатацию и дети якобы уже учатся. ⠀ Но, после ко мне обратились родители, которые сообщили, что строительство нового корпуса ещё не завершено. ⠀ По моему поручению была проведена проверка и к глубокому сожалению, выяснилось, что в новом корпусе никто не учится. А объект и в правду еще не введен в эксплуатацию. ⠀ Директор данной школы освобожден от занимаемой должности, а руководителю управления образования области объявлен выговор за не своевременную сдачу объекта и за заведомо ложную информацию.

A post shared by Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official) on

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.