Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының орталығындағы Ленин ескерткішінің құлауына қатысты полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық кодекстің 203 бабы «айрықша құндылығы бар затты қасақана құрту, зақым келтіру немесе алып кету» деп жазылған заңда.
Алтай қаласы орталық алаңында жөндеу жұмыстарын жүргізуші компания ескерткіштің өзі құлап қалғанын айтқан. Ал Қазақстандағы орысша сайттар әлеуметтік желіде тараған видеода ескерткішті әдейі құлатқаны көрінеді деп жазып жатыр. Ал Алтай ауданы әкімшілігі Ленин ескерткішін 1,5 миллион теңге бюджет қаржысына жөндейтіні туралы мамыр айында жария болған еді.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған жылдардан бері билік отарсыздану саясатын жүргізбеді. Сондықтан Қазақстанның кей аймақтарында совет көсемдерінің ескерткіштері әлі тұр.
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024