17-12-19 |
2180 рет қаралған
Украинада жер сату туралы заңға қарсы митинг өтіп жатыр.
Украинада жер сату туралы заңға қарсы митинг өтіп жатыр

фото: nash.live

Украина парламентінің алдында бірнеше митинг өтіп жатыр. Митингіге шыққандардың бір тобы жоғарғы рада 13 қарашада мақұлдаған ауыл шаруашылығы жерлерін сату туралы заң жобасына қарсы шығуда.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, парламент ғимаратының алдына жиналғандардың ішінен «Національный корпус» қозғалысы жақтастары парламенттің алдына шатыр құрмақшы болған. Ал полиция олардың бұл әрекетіне жол бермеуге тырысқан. Сөйтіп митингішілер мен полиция қақтығыс, екі полицей зардап шеккен. Қақтығыс кезінде митингішілер полицияға тас лақтырған. Полиция қақтығыста белсенді болған адамдарды ұстаған.

Жоғарғы рада 13 қарашада бірінші оқылымда мақұлдаған ауылшаруашылығы жерлерін сату туралы құжат 2020 жылы 1 қазанда күшіне енген жағдайда жеке және заңды тұлғалар, территориялық қауымдастықтар, мемлекет жер сатып алуға қақылы болады. Сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары жерді мұрагерліе жолмен алған жағдайда оның иесі атанады. Бірақ олар жерді бір жыл ішінде сатуы тиіс. Ал иесі шетел компаниялары жерді 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін сатып ала алмайды.

2016 жылы жер туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы Қазақстанның ірі қалалары мен бірнеше облыс орталықтарында митинг өтіп, билік жер туралы заңға мораторий жариялаған. Содан кейін жер реформасы жөніндегі комиссия құрылып, оның көшпелі отырыстары өткен еді. Атырауда өткен жерді қорғау митингісінен кейін Талғат Аян мен Макс Боқаев сотталған. Кейін Талғат Аян босап шықты. Боқаев әлі түрмеде. Жер реформасы жөніндегі комиссия билікпен бірлесе отырып, жер туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.