24-12-19 |
1450 рет қаралған
Бес қазақтың соты: Халық толқуын басуға арнайы жасақ келген.
Бес қазақтың соты: Халық толқуын басуға арнайы жасақ келген

фото Ғалым Ағелеуовтың фейсбук парақшасынан алынды

Алматы облысы Ақсу ауданы аудандық сотында Алматы облысы аумағында жол салып жатқан қытай жұмысшыларымен төбелесті делінген бес қазақтың соты бүгін жалғасты.

Сот үзіліліс жариялағанда сотқа жиналған халық қатты толқып, сол үшін арнайы жасақ шақырылған. Бұл туралы адвокат Жанар Балғабаеваның сөзін келтіре отырып, Азаттық жазады.

«Халық не болғанын түсінбеді. Толқу басталды. Прокурор ертең бас бостандығы шектелгеннен кейін азаматтар бостандыққа шығады деп айтқаннан кейін ғана халық тынышталды», – депті адвокат.

Адвокаттың айтуынша, Қызылағаштың бес тұрғыны прокурормен процессуалдық келісім жасасқан.

– Бүгін сот процесін ықшамдалған күйде өткізу немесе процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергенбіз. Қазір прокурормен процессуалдық келісім жасасамыз. Ол бойынша жігіттерге екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған, – деді Жанар Балғабаева.

Оның айтуынша, бұл мәселе ертең түстен кейін сағат үште қаралады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.