14-03-21 |
2160 рет қаралған
Тәжірибелі мамандар еді: ҰҚК апат кезінде қаза болғандар туралы жазды.
Тәжірибелі мамандар еді: ҰҚК апат кезінде қаза болғандар туралы жазды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайы маңында ұшақ апатынан қаза болғандар туралы жазды. Комитет марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҚР ҰҚК Авиация әскери қызметшілері:
– авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаевтың;

– авиация бөлімінің ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратовтың;

– авиация бөлімінің ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаевтың;

– авиация бөлімінің ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған сержант Васильков Евгений Борисовичтің

отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді.

Олар өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз»,- деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық.

ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты.

Кейін Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.