03-04-21 |
1650 рет қаралған
Масаң күйде қоғамдық орынға барған шенеуніктің басы дауға қалды.
Масаң күйде қоғамдық орынға барған шенеуніктің басы дауға қалды

Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде қоғамдық орында жүрген шенеунікке қатысты тексеріс басталды. 31 жастағы мәдениет басқармасының басшысы әкімдікте жұмыс жасайтын 23 жастағы бойжеткенмен бірге серуендеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Chinovnik_kz мәліметінше, оқиға 30 наурыз күні таң ата сағат 04.52-де тіркелген. Ішімдік ішкен күйі қоғамдық жерде жүрген шенеунікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, хаттама толтырылды.

Пабликте тараған ақпаратта ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы 31 жастағы Мирас Жұмағұлов Өскемен қаласы әкімдігінің 23 жастағы қызметкерімен бірге мас күйінде қоғамдық орында болған. Оқиғаға қатысты шенеунікке ҚРӘҚбК-нің 440 бап 1 тармағымен хаттама толтырылды.

Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Мирас Жұмағұловтың әкесі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы (Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы).

Осы факт бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығымен бірлесіп, қызметтік тексеруді бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.