09-05-21 |
1460 рет қаралған
Даниал Ахметов тізімнен шығарылған тыл ардагерінің алдына барды.
Даниал Ахметов тізімнен шығарылған тыл ардагерінің алдына барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мереке қарсаңында бұрын тізімнен шығарылған тыл еңбеккері Хауа Балунбаеваның үйіне арнайы барды, деп xабарлайды Arasha.kz.

Жеңісті жақындатқан бірнеше ардагердің үйін аралаған Даниал Ахметов 99 жастағы Хауа Балунбаеваның шаңырағында болды.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-ның әкімдік қызметкерлері ұятқа қалған еді. 4 мамырда ардагердің немересі әжесі темекі тартатыны үшін әкімдік қызметкерлері құттықтаушылар тізімінен шығарып тастағанын мәлімдеді.

Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін облыс басшысы Хауа әжейдің үйіне арнайы барып, мерекелік тартуын жасап, құттықтау арнады.

Ғасыр жасаған Хауа Балунбаева анамыздың өмірі білім саласымен байланысты. Қария соғыс жылдарында мектепте сабақ беріп, эвакуацияланған балаларды оқытқан.

Айта кетейік, әкім Хауа Балунбаевадан басқа, бірнеше ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қонаққа барды. Олардың әрқайсысына гүлдер, жеміс себеттері, шайға тәттілер, тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар, әскери заттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.