17-05-21 |
1530 рет қаралған
ІІМ қызметкерлері Қазақстан өңірлерінде тінту жүргізді.
ІІМ қызметкерлері Қазақстан өңірлерінде тінту жүргізді

Ішкі істер министрлігі елорда мен өңірлерде лауазымды тұлғаларға қатысты басталған тергеуге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Шынымен де Нұр-Сұлтан бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Қостанай және Жамбыл облыстары полиция департаменттері тергеу бөлімшелерінің орта буын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл фактілер туралы толық ақпарат қазіргі таңда тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді»,- деп мәлімдеді ІІМ-ден.

Министрлік ведомство өз қатарындағы заңбұзушылықтармен күресті жалғастырып және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін кез келген әрекеттің жолын кесетінін атап өтті.

«Ел басшылығы ІІМ алдына полиция қатарында сыбайлас жемқорлықты жойып, тәртіп орнату туралы міндет қойғанда, оның орындалуына ешкім сене қоймады. Бірақ бүгін жұмыс нәтижелері басқа цифр көрсетіп тұр: парақорлық фактілері екі есеге, жемқорлық қылмысы үштен бірге азайды. Бұл тек былтырғымен салыстырғанда осы жылдың төрт айының қорытындысы ғана», – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ол халықтың полицияға сенімін арттыру үшін ымырасыз күрес жалғасатынын айтты.

Ведомство басшысының тапсырмасымен қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға басымдық берілуде.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.