02-07-21 |
2000 рет қаралған
Назарбаев Қазақстанда демократия жоқ екенін мойындады.
Назарбаев Қазақстанда демократия жоқ екенін мойындады

Нұрсұлтан Назарбаев “Штрихи к портрету. Лидер” деректі фильмінде Қазақстанның демократиялық мемлекет болуға ұмтылатынын, әлі де сол жолдың басында екенін, бірақ экономика маңыздырақ екенін тағы да мәлімдеді.

«Қытай, Ресей – демократияда алда келе жатыр ма? Бұл мемлекеттер бізге қатты әсер етеді. Демократия аралы – Қырғызстан. Өкінішке қарай, бізге жақын адамдар, бауырларымыз. Осы 30 жыл ішінде Қырғызстанда не істеді? Мен әрбір президенті қолдадым, осында шақырдым. Оларға ақша, несие ұсындық – ештеңе жасамады», – деді Назарбаев.

Оның сөзінше, экономика – бұл адамдардың өмірінің, қазақстандықтардың әл-ауқатының негізі. Батыстағыдай демократия – бұл мақсат. Ал біз әлі жолдың басында тұрмыз.

«Демократияның қандай түрі қажет? Көппартиялы жүйе жоқ. Партияны қолмен жасау керек пе? Ол өзінің бағдарламасымен жетілуге, белгілі бір электоратқа ие болуға тиіс – сонда партия болады. Партия жасанды түрде жасалмайды. Сондықтан біз бұған қарай жылжып келеміз», – деп түсіндірді экс-президент.

Ол Қазақстандағы оппозицияның әлсіздігі туралы мәлімдеді.

«Мен оппозиция деп аталатындардың бәрінен сұраймын: айтасыздар, бірақ сіздердің бағдарламаларыңыз қайда? Қазақстанды, халықты қайда алып барғыңыз келеді. Айтыңыздар, бағдарлама ұсыныңыздар. Егер ол мен қазір жүзеге асырып жатқаннан жақсы болса, онда күресейік», – деді Елбасы.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін сынға алған еді.

«Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, Алматының ЖІӨ бүкіл Қырғызстанның ЖІӨ-нен бес есе көп. Қазақстанның ЖІӨ Қырғызстанның ЖІӨ-нен жиырма есе артық. Орта есеппен алғанда, Қазақстанның бір азаматының табысы Қырғызстанға қарағанда он есе көп. Неліктен Қазақстанның зейнетақысы он есе емес, бір жарым есе көп және тарифтер бес есе жоғары? Себебі олар Қазақстанның байлығын ұрлайды. Және ол Қазақстан халқының қалтасына түспейді», – деді Атамбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.