13-09-21 |
1750 рет қаралған
Тоқаевтың шамасы жетпейтін Маминді белсенді сотқа берді.
Тоқаевтың шамасы жетпейтін Маминді белсенді сотқа берді

Қоғам белсендісі Санавар Закирова Қазақстанның Премьер -министрі Асқар Мамин басқарған үкіметтің үстінен сотқа талап арыз түсірді.

Белсенді соттан Асқар Маминнің Герман Грефпен Қазақстан Республикасындағы цирфлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделіне және Data-Driven Government тұжырымдамасына көшу жобаларын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою әрекетін заңсыз деп тануды сұрайды. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook парақшасында хабарлады. 

Мамин үкіметінің түрлі қиын жағдайда дәрменсіз болғаны, қоғам оның отставкасын талап еткенмен Тоқаевтың Назарбаевтың кадры Маминді отставкаға жіберуге шамасы жетпей отырғандай.

Естеріңізге салсақ, 3 қыркүйекте өткен Шығыс экономикалық форум (ШЭФ) аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен «Сбербанк» басқарма төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ресейлік компания Қазақстанның мемлекеттік секторын цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға қатысады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.