04-01-22 |
1800 рет қаралған
Әшімбаев: Мәселе диалог негізінде шешілуге тиіс.
Әшімбаев: Мәселе диалог негізінде шешілуге тиіс

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

– Маңғыстаудағы жағдай барша елді алаңдатып отыр. Мәселе Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың толық бақылауында.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Бүгінде Комиссия өкілдері өңірге барып, өз жұмысын бастады.

Мәселе диалог негізінде шешілуге тиіс және Президентіміз айтқандай, барлық тараптың мүддесін ескеретін шешімге келу маңызды.

Қазіргі таңда Маңғыстаудан сайланған сенаторларымыз да сол өңірде мәселенің оң шешілуіне атсалысуда.

Біз елдіктің маңызды межесінде тұрмыз. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, егемендігімізді одан әрі нығайту – басты міндетіміз.

Кез келген мәселенің шешімін табуға болады, ол үшін, ең алдымен, жылдар бойы қалыптасқан бірлігіміз бен тұрақтылығымызға сызат түсірмеу аса маңызды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.