03-09-22 |
1520 рет қаралған
Ерлан Қарин: Бұл тұтас саяси жүйені қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.
- Президенттің кезекті Жолдауы ел тарихындағы түбегейлі жаңа саяси кезеңді ашты десек те болады. Мемлекет басшысы билік жүйесіне сапалы түрде өзге стандарттар қойып отыр. Бұл дегенің аса маңызды саяси шешімдер қабылдаудағы барынша айқын, ұдайы жаңару және ашық бәсекелестік.
Президенттің бүкіл сайлау кестесін халыққа жария ету туралы шешімі -қазақстандық саяси практика үшін теңдессіз қадам. - Бүкіл сайлау циклінің басталуы біздің саяси жүйемізді түбегейлі қайта құру қажеттілігімен байланысты, сондай-ақ маусымда өткен референдумда азаматтардың көпшілігі қолдаған конституциялық реформаның логикасына толық сәйкес келеді.
Алдымен Президент сайлауын, содан кейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауды дәйектілікпен өткізу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі өзекті және стратегиялық міндеттерді шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, елімізді жаңғыртудың ырғағы сетінемейді.
Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің пайдасына әлемдік экономиканың геостратегиялық шиеленісі мен турбуленттілігінің артуы салмақты фактор болып тұр. Әлемдік процестердің даму қарқынын қазір болжау қиын, ол жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, тұтас өңірлер үшін де тәуекелдер мен сын-қатерлерді көбейтеді.
Кешегі Жолдаудың тағы бір орталық бастамасы – Мемлекет басшысының Президенттің мандатын қайта сайлау құқығынсыз 7 жылға созылатын бір мерзімге шектеу қою туралы ұсынысы.
Бұл ұсынысты Парламент мақұлдаған жағдайда, ол Қазақстанның саяси жүйесінің болашағын айқындайтын егжей-тегжейлі ойластырылған шешім болмақ.
Бұл ретте, бір адамның бір ғана 7 жылдық мерзімге президент болып сайлануы – қазір Қазақстанның айналасында жақын және алыс прецеденттері жоқ саяси инновация. Бір жолғы президенттік норма, ең алдымен саяси жүйені ұзақ мерзімді тұрақтандыруға, билікті монополияландыру тәуекелдерін жоюға және демократияның базалық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Бір реттік Президенттік мерзім туралы бастама супер-президенттік модельден түпкілікті кету бойынша жүзеге асырылған қадамдардың қисынды жалғасы. Бұл – Мемлекет басшысының партиясыздығы, оның туыстарының мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік компанияларда қызмет атқаруына тыйым салу, президенттік өкілеттіктердің бір бөлігін биліктің басқа институттарының пайдасына қайта бөлу. Президенттік кезеңнің біртұтастығын енгізу, осылайша биліктің оңтайлы тепе-теңдігімен президенттік республиканы институционализациялау процесін аяқтайды. - Келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама да саяси жаңғырту бағдарламасының қисынды болуынан шығып отыр.
Енгізілген аралас сайлау жүйесі шеңберінде бір мандатты округтер бойынша сайлау елдегі саяси мәдениетті арттырудың маңызды факторына және жергілікті жерлердегі азаматтардың мүдделерін артикуляциялаудың қуатты құралына айналады.
Сайлау заңнамасы жақында жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастайды. Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдетіп жатыр, бұл қазірдің өзінде саясаттағы жаңа партиялардың, жаңа тұлғалардың пайда болуына, саяси бәсекелестіктің артуына ықпал етеді. Бұл тренд қайтымсыз, саяси жаңғырудың тереңдеуімен алда тек өсе бермек.
Биліктің өкілді органдарын жаңарту, Мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастырудың жаңа қағидаттары атқарушы вертикалды – Үкімет пен әкімдіктерді кешенді түрде трансформациялаумен тығыз байланысты. Болашақта үкімет құрамына көпшілік дауыс жинаған партияның өкілдері ғана емес, басқа парламенттік партиялардың өкілдері де кіреді.
Тұтастай алғанда, Жолдауда ұсынылған барлық саяси бастамалар біздің мемлекеттік құрылысымыздың «Қуатты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» негізгі формуласын кешенді түрде нақты мазмұнмен толықтырады.
Жаңа реформа сайлау циклын бастайды, бұл бүкіл саяси жүйені қайта бастауға мүмкіндік береді.
Соңғы мақалалар.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.