10-10-22 |
820 рет қаралған
Путин Украинаны атқылағандарын мойындады.
Путин Украинаны атқылағандарын мойындады

РФ президенті В. Путин Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ресей аумағында украиндықтар тарапынан теракт орын алса қатаң жауап беретіндерін мәлімдеді.

Путин сондай-ақ, бүгін таңертең Ресей әскерилері Украинаға соққы жасағандарын мойындады.

«Бүгін таңертең Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша және Бас штабтың жоспарымен Украинаның энергетикалық, әскери қолбасшылық және коммуникация нысандарына ұзақ қашықтықтан дәлдіктегі қарумен жаппай соққы берілді. Ресей аумағында теракт жасау әрекеті болатын болса оған қатаң жауап береміз және оның ауқымы да жоғары болады», – деген Путин бейбіт нысандарды атқылағандарын мойындамады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.