11-10-22 |
990 рет қаралған
Қандастардың «Асар» бірлестігі президенттікке өз кандидатын ұсынды.
Қандастардың «Асар» бірлестігі президенттікке өз кандидатын ұсынды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды.

Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.

Тапсырылған құжаттар қатарында:
1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.