10-10-22 |
1200 рет қаралған
«AMANAT»-тың XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы өңірлерде талқылануда.
«AMANAT»-тың XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы өңірлерде талқылануда

Өңірлердегі жұртшылық Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынылуын қолдайды. Бұл партияның кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау барысында белгілі болды.

Алматыда Съезд делегаттары мен форумға қатысушылар «Жастар Рухының» қаладағы белсенділерімен кездесті. Қазақстан Волонтерлер лигасының басшысы Нұрсұлтан Бекқайров Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидат ретінде бір ұйымнан емес, бүкіл Халықтық коалициядан ұсынылуы Әділетті Қазақстанды құру үшін түрлі көзқарастар мен мүдделер, түрлі сенімдердегі адамдар бірігуге дайын екендігін айғақтайтынын атап өтті.

«Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов партия Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде қазақстандықтарды саяси және экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін біріктіруге қабілетті елдегі санаулы ұйымдардың бірі деп есептейді.

«Съезде сөйлеген сөзінде «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партиядан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Делегаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, Съезд барысында делегаттар жаңа Саяси тұғырнаманы бекітті», – деді ол.

Қарағандыдағы облыстық аурухана алаңында белсенді пікірталас өтті. Медициналық мекеме ұжымы бүгінде бейбітшілік пен келісімді сақтау бұрынғыдан да өзекті екеніне сенімді. Сондықтан да олар алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевты ең тиімді, әрі лайықты кандидат деп есептейді.

«Мен сайлаудың бірінші кезекте ашық, әділ өткенін қолдаймын. Қазақстан бүгінде посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылық орнаған ел болып отыр. Еліміз көпұлтты, егер біз бірге шешім қабылдасақ, бәрі жақсы болады. Ең бастысы, бейбітшілік», – деді репродуктолог-гинеколог Лали Пак.

Ақтауда «Каспий жылу су арнасы» еңбек ұжымымен «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев кездесті. Ол жиналғандарға Съезд жұмысының нәтижелері, жаңа Саяси тұғырнаманың қабылданғаны және алдағы президенттік сайлауға дайындық туралы айтып берді.

«Мен Съездің делегаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Мемлекет басшысын партияның кандидаты ретінде белсенді қолдауға бел буғанына сенімдімін», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.