27-02-24 |
7170 рет қаралған
Сәкеннің стилі.
Сәкеннің стилі

Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинің туғанына биыл 130 жыл. Осы мерейтойға орай жазушының стилі, яғни сырт-келбеті жайлы сөз қозғамақшымыз. Сәкеннің өмірде келбетті, көрікті адам болғаны бізге белгілі. Қоғам қайраткерінің досы Сәбит Мұқанов 1922 жылы Сәкенмен таныспақ ниетпен Орынборға келеді. «Киімі сұлу. Сәкенмен бірге бір иіс кірді»,-деп Сәкенді есіне түсіреді. Шыныменде, ол заманда көбісіне таңсық зат – француздық әтірді қолданған. Әтір елордада орналасқан музейде жазушының әмияны, өзі шылым шекпеседе, қонақтар үшін пілдің сүйегінен жасалған мүштігі жіне сол кездегі ақшамен бірге сақталған. Ыдыстың түбінде қолданылмаған әтірде қалған.

Музейдегі сурет

Мұқановтың естеліктерінде Сәкен жайлы былай дейді: «Костюмімен гана отырған Сәкенге енді қарасам: кескіні шынында да адамзаттың көркемі екен. Қыраусыз қап-қара қалың, қасы, қою ұзын мұрты өзі сұлу ажарын ерекше ашып тұр! Сол жылы жасы 28-ге ғана толғанымен, кескіні сақа жігіт сияқты… Оң жақ, білегіне салған, қара алтынмен әшекейленген сом, бұрамалы күміс білезік пен қайырмалы ақ жағаға тағылған галстук» дейді. Қоғам қайраткерінің сол кезде-ақ Еуропалық стильде киінгені суреттері мен көптеген кітаптардағы әңгімелер соған дәлел.

Тапсырысқа жасалған туфли

С. Сейфуллиннің костюмі

Астанада орналасқан музейдегі ақпараттар бойынша, көрнекті жазушы костюмді 1930 жылдары Москвада сатып алған, ал теріден жасалған туфлиді Крымдағы демалыс кезінде арнайы тапсырыспен жасатқан.Репрессия кезінде костюм туысқандарының қолында сақталған, «Халық жауының» әйелі ретінде қудалауда болған жары, босап шыққан соң Сейфуллиннің көптеген жеке заттарын өз қолына қайта қайтарған. Костюм ағылшын сәнінде, ұсақ жолақтары бар, қара-қоңыр матадан тігілген. Пиджак екі жағынан түймеленетін, жанқалтасы бар, екінші қалта кеуде тусында. Шалбарының балағы қайырылған, жаны арнайы екі кыска белбеумен әшекейленген. Костюмінің сырт-келбетіннен жазушының орташа бойлы, 160-165 см болғанын байқауға болады. Сонымен қатар, тек имиджі үшін таяқты (трость) ұстап жүрген. Музейде таяқтардың екі түрі бар. Костюм музейдегі 7 залдардың бірінде мәдени мұра ретінде сақталған.         

Арайлым Калмухаметова

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.