Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының мұғалімдері жарты жылдай жалақы алмай келген. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады.
«Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған. Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды», – делінген хабарламада.
Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтардың еңбек құқықтары толық көлемдеқалпына келтірілді.
Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
18.11.2024