09-02-19 |
2380 рет қаралған
Элизабет Тұрсынбаева – «Төрт құрлық чемпионатында» күміс алды.
Элизабет Тұрсынбаева – «Төрт құрлық чемпионатында» күміс алды

Мәнерлеп сырғанаудан Анахаймда (АҚШ) өтіп жатқан «Төрт құрлық чемпионатында» қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды. Ол қысқа және негізгі бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинады.

Алтын және қола медальді жапониялық Рика Кихира (221,99) мен Мая Михара  (207,12) иеленді.

Элизабет Тұрсынбаева – «Төрт құрлық чемпионатында» (Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлығының біріншілігі) жүлде алған екінші қазақстандық. 2015 жылы осы чемпионатта Денис Тен ерлер арасында чемпион атанған.

Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында, 2017 жылғы қысқы Азия ойындарында қола алған.

Тұрсынбаеваны 2018 жылға дейін канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырған. Ал 2018 жылдың жазында ол ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің командасына ауысқан. Қазір Мәскеуде жаттығады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.