«Ақтөбеқұрылысэксперт» компаниясының директоры Жасталап Жанбауов Сәдуовтер отбасының тұрғын үй мәселесін шешіп берді.
47 жастағы «Алтын алқа» иегері Салтанат Сәдуованың отбасында сегіз бала болса, олардың екеуінің мүгедектігі бар, жолдасы да екінші топтағы мүгедек. Отбасы осыдан біраз жыл бұрын балаларының сырқатына байланысты Әйтеке би ауданынан Ақтөбеге көшіпті. Облыс орталығында баспаналары болмағандықтан олар төрт жыл бойы пәтер жағалап жүрген. Енді бұлай етудің қажеті жоқ.
«Осы қуанышты сәтті біз төрт жыл күттік. Міне, қамқор жандардың, облыс басшылығының арқасында біздің өз пәтеріміз бар. Жасталап Жанбауов – жерлесім, өзі де көп балалы отбасында өсті. Көмегі мен қамқоры үшін алығс айтамын»,- деді көз жасына ерік берген Салтанат Сәдуова.
Кәсіпкер Жасталап Жанбауов: «Осындай қайырымды істен ешкім тыс қалмауы керек. Біздер, кәсіпкерлер мұқтаж жандарға қолдан келген көмігімізді аямағанымыз жөн. Бизнес өкідері бұл бастамаға қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді деп сенемін. Әріптестерім, бірнеше құрылыс компанияларының басшылары да көмек қолын созуға әзір. Кәсіпкерлерді қоғамдық іске қолдан келген үлестерін қосуға шақырамыз»,- деп атап өтті.
Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көп балалы аналар жайлы айтып, бір реттік жәрдемақының көтерілетінін айтқан еді.
Сапарбаев: Бір реттік жәрдемақы 70 мыңнан 140 мың теңгеге өседі
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024