04-03-19 |
7010 рет қаралған
Бейбіт Атамқұлов: Қытайда ұсталған қазақтар саны азайып, бәрін шетінен босатып жатыр.
Бейбіт Атамқұлов: Қытайда ұсталған қазақтар саны азайып, бәрін шетінен босатып жатыр

4 наурызда парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «2019 жылы Қытайда қос азаматтыққа ие 33 адам қамауға алынған» деп мәлімдеді, – деп жазады azattyq.org. Министрдің сөзінше, «оның 20-сы Қазақстанға қайтарылған».

Мәжілісте «Ақжол» партиясынан депутат, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Дүйсенбинов министр Атамқұловқа Қытай қазақтарының ахуалы жайлы сұрақ қойған.

Сауалға жауап берген Атамқұлов «биыл қамауда отырған қазақтар жайлы министрлікке 1387 арыз түскенін айтты».

– Түскен арыздар бойынша әр адаммен бөлек жұмыс істеп жатырмыз. Себебі әрбірінің жағдайы әртүрлі. [Қытайдағы] лагерьлерінің мәселесі бүкіл әлемде мұсылмандардың құлағын шулатып жатыр. Негізі Қытайдың өзінің ішкі саясаты бар. Бірталай дипломат сол лагерьлерді көрді. Бүкіл әлем [Қытайға] қатты қысым жасап жатыр, – деді ол.

Атамқұлов сөзінше, Қытайдағы этникалық қазақтар «жеңілдік алып жатыр».

– Бізге түскен мәлімет бойынша, Қытайда ұсталған қазақтар саны 80 пайызға азайған. Бәрін шетінен босатып жатыр. Биыл қазақтар тағы да жеңілдік алып жатыр. Ішкі істер министрлігімен, басқа да органдармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді министр.

Дереккөз: azattyq.org.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.