08-03-19 |
28710 рет қаралған
Қытай ыдырайды.
Қытай ыдырайды

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Қытай ыдырайды. Бірақ Қытай территориясы бөлшектенбейді, мәселе тек саяси күштерді әртараптануында ғана. Қытай іс жүзінде екі-үш саяси тарапқа бөлінді. Қазіргі Қытайдағы тұрмыстың төмендеуі авторитаризмнің тоталитаризмге айналу мүмкіндігін төмендетеді.

Қытай тынышталмайды. Екі-үш тарап күресі – демократияға жол ашады. Либерализм мен нарық, саяси демократия олардың ұранына айналады. Және де олар Биліктің әртараптануын, құқытық жүйенің дербестенуін, либералдық еркіндікті талап етеді. Жалпы алғанда Қытайдың тұрмысы соңғы он-он бес жылда көп тәуірлеген. Әсіресе теңіз жағалауындағы, ішкі Қытай өлкелеріндегі қарны тойған ханьдар ірі қала қызығына одан ары батқысы келеді. Ол – экзистенциалдық еркіндік. Олардың ойында: жыныстық, діндік, материалдық құндылықтар иелену еркіндігі және ашық гедонизм. Хань ұлтындағы келесі өзгеріс олар биліктен аса қорықпайды. Қытай жалғыз бала елі, яғни ерке бала, беті қайтпаған немерелер елі. Қытайлықтар «аса ірі қала-джунглилер тұрғындары». Полиция ірі қала баласын жаппай жазалауға бара алмайды. Қытайда алты аса ірі қала бар. Сол алты ірі қалалардың әрқайсысында 20 миллионнан тұрғын бар. 20 миллиондық қалалар тұрғындары тым кірпияз, шамкес, билікке бірігіп ашулануы ықтимал. Олардың тұрмыс деңгейі жақсы.

Олардың бұқара психологиясы да бөлек. Олар ашуланса Қытайдың тағдырын шешеді. Сол аса ірі қалар жастары – тригер, қосауыз мылтықтың білтесі сияқты. Солар болашақта тыныштықты бұзғалы тұр.

Демократия мен нарыққа екі күш итермелейді: аталған ықпалды саяси күш Қытайдың экономикалық және саяси элитасының бір бөлігі, белгілі бір жағдайда саяси конъюктура оларға жеңіс әкеліп беруі ықтимал. Екінші – қазіргі Қытай билігі қателік жасап, сол аса ірі қалаларының тұрғындарының ызасын туғызуы мүмкін. Менің білуімше, Қытай билігі пәлендей адекватты емес. Жағдайдың қаншалықты насырға шабуын болжай алмайды.

Қалай болса да Қытайдың билеуші тобының консенсусы мемлекеттің біртұтастығы үшін белгілі компромиспен қатар саяси қауіпсіздік пен саяси күштердің дербестігіне, олардың тіршілігіне кепілдік керек етеді. Экономикалық қарқынның баяулап тоқырауы реформалардың керектігін дәлелдейді. Ол құқықтық және саяси реформалар маңыздылығы. Саяси элита бір жағдайдан қауыптенеді: халық көшеге шығып кетеді ау – деп. Қытайда маоизм қайта орнамайды. Сонымен бірге қазіргі Қытай билігі экономиканың қарқынды дамуына жағдай жасай алмайды. Керісінше,жағдай одан әрі ушығады. Альтернативаның бірі – милитаризм мен қарсыластарын жою, олардың меншіктерін бөліп алу. Коррупция, қомақты қаржыларды шетелдерде жасыру. Бұл қатқыл курска бет алу деген сөз. Қытай АҚШ және Европалық Одақпен конфронтацияға дайын емес. Екінші жол – саяси сергелдең, ырду -дырду, қаламиқа. Үшінші жол – саяси, құқықтық реформалар арқылы консенсус келісім бағытқа бет бұру. Ал Қытай қай жолды таңдайды? Біздің ойымызша ол аралас рецепт, дұрыс пен бұрыс: саяси логикаға аса бағынбайтын жолды таңдайды. Қытайдың дамуы бірнеше сергелдең кезеңге бөлінеді.

Бұл жағдайдан қазаққа не қауіп, не пайда? Бізге ең қолайлысы Қытайдың реформалар жолына түсуі. Себебі бірінші және екінші жол альтернативасы бізге өте қауіпті. Үш нұсқадағы белгілі жағдайлар сол жақтың қазағын Қытай дүрбелеңінен босатуы ықтимал. Бірақ демократиялық Қытай ұлттық азшылыққа тең дәрежеде еркіндік, яғни қазаққа аман-есен репатриация құқын береді. Қазақтың бір аз бөлігі Атамекенге келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.