04-04-19 |
5460 рет қаралған
Айдос Сарым: АЭС-тың қазаққа қажеті жоқ.
Айдос Сарым: АЭС-тың қазаққа қажеті жоқ

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым Ресейдің Қазақстанға АЭС салу туралы ұсынысына қатысты пікірін өзінің facebook парақшасында жазды.

«АЭС-тің қазаққа қажеті жоқ. АЭС-ті тоқтату ЕАЭС-ті тоқтатудан қиын! Шенділер халықтың пікірін білмей жатып, ортақ моланың орнын іздегенді қойсын!» жазады саясаттанушы.

Қайыра айтсақ, президент Қ.Тоқаевтың Ресей президентімен кездесуі барысында Путин Қазақстанда Ресей технологиясымен атом электрстанциясын салуды ұсынған еді.

Және бүгін энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Ресейдің ұсынысын қабылдаған жағдайда АЭС салынуы мүмкін жерді Алматы облысы, Үлкен кентінен қарастырылып қойғандығын айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.