Кеше, 10-сәуірде Қазақстан жазушылар одағында қаламгерлер жиналып, президент сайлауына қатысты ойларын ортаға салды. Бұл туралы жиынға қатысқан arasha.kz тілшісі хабарлайды.
Жиын барысында жазушы, авторлар қоғамының төрағасы Марал Ысқақбай сайлаудың тездетіп өткені дұрыс екенін айтты.
«Екі айдың ішінде белгілеп алғанымыз жақсы. Өйткені айналамызда сұғанақтар көп. Олар да мұның аяғы не болар екен деп аңдып отыр. Ішіміз де оңып тұрған жоқ. Неше түрлі сумақайлар жүр. Сондықтан уақытында жасап алғанымыз [президент сайлауын айтып отыр-ред] дұрыс болады» деді.
Сондай-ақ, жазушы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов туралы да пікір білдірді.
«Қалай болғанда да лайықты адамдар бар болуы керек. Менің білуімде, сауатты, іс басында жүрген адамдардың кез келгенін қойсаң істеп алып кетеді. Қасым-Жомарт деген азамат таза, былғанбаған азаматтардың біреуі – осы. Сөз ермеген азаматтың бірі. Әкесі әдебиетші болған соң ба, бізге, әдебиетші қауымға жақын. Ал Тасмағамбетов қазақы жігіт қой, тілі де қазақы. Әсіресе, тілге байланысты Мәскеуде отырып айтқандары азаматтығын көрсетеді. Көбі өзіне жұмыс жасайды д халыққа жұмыс жасамай қалады. Біздің тілегіміз халыққа жұмыс жасайтын адам келсе» дейді М.Ысқақбай.
Қайыра айтсақ, президент Қ.Тоқаев 9-сәуірде халыққа үндеу жасап, президент сайлауын жариялады. Сайлау 9-маусымда өтеді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024