23-06-23 |
910 рет қаралған
2,5 жылда 4,4 млрд теңге. Жемқорлық жайлаған Жетісу.
2,5 жылда 4,4 млрд теңге. Жемқорлық жайлаған Жетісу

Білім беру жүйесінде бюджет қаражатын жымқырудың тұрақты қылмыстық схемалары ашылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, ведомствоаралық кеңесте талдау қорытындысы шығарылды.

Оған Президент Әкімшілігінің, Ұлттық Банктің, жоғары аудиторлық палатаның өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Білім және цифрлық даму министрлері, қаржы, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрлері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Соңғы үш жылда мемлекет білім беру саласын дамытуға 12,1 трлн теңге бағыттаған, бұл 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығысының 28%-ына тең.

Әлеуметтік қолдау шараларына қарамастан, білім беру саласы жемқорлары ең көп салалардың бірі болып отыр.

2020 жылдан бастап осы саладағы қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд теңге, оның 5,2 млрд-ы өтелді.

Тек Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтерлері кірді. Мұндай қылмыстық схемалар елдің барлық аумағында анықталды. Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында ең ірі жымқыру фактісі тіркелді – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Мәселен, жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша бюджет ақшасын жымқырудың тұрақты тәсілдері ашылды:

  1. Қызметкердің жалақысына оның лауазымына қарағанда әлдеқайда көп ақша аударған;
  2. Жалақы мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға аударылған;
  3. Қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлемдерде басқа тұлғаның тегі көрсетілген;
  4. Бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет аударған;
  5. Олар ақшаны «өлі жандарға» – туыстары мен жақындарына аударған.

Жоғарыда аталған барлық жымқыру әдістері бір схема арқылы жүзеге асырылады. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай, қажетті түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі.

Мұндай манипуляциялар мектептің аталған бухгалтерлік есеп жүйелері, Ұлттық білім беру базасы және Қазынашылық-клиент базасы арасындағы интеграцияның болмауына байланысты жүзеге асқан. Осындай фактілерді болдырмау мақсатында кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдар арасында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі «Жол картасына» қол қойылды – деді Антикор қызметкерлері.

Arasha.kz

ФОТО: taunews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.