09-12-24 |
2520 рет қаралған
2 трлн теңге. Алматының үш жылдық бюджеті бекітілді.
2 трлн теңге. Алматының үш жылдық бюджеті бекітілді

Алматыда 2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет бекітілді. 2025 жылы оның көлемі 2 трлн теңгеден асады, бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен екі есе көп.

Әлеуметтік сала басым бағыт болып қала береді және оған 852 млрд теңгеге жуық немесе жалпы бюджеттің 39,1%-ы бөлінеді. Басқа негізгі бағыттар – көлік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және экологияны жақсарту.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, бюджет барша тұрғындар үшін жайлы орта құруға және Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған.

 «2025 жылға арналған бюджет Алматының бүкіл ел үшін эталон болып табылатын тұрақты дамуын көрсетеді. Бұл – әрбір тұрғын өз өмірінде оң өзгерістерді сезінетін заманауи әрі жайлы қала құруға арналған», – деп атап өтті қала әкімі.

Шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылады: 2025 жылы оны қолдауға 71 млрд теңге бөлінеді. Бұл 4 мыңнан астам жаңа жобаны іске қосуға мүмкіндік береді. 2030 жылға қарай ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі 70%-ға жетуі тиіс. Сонымен қатар, 2029 жылға дейінгі ҚР Ұлттық даму жоспарына сәйкес, қаланың Даму жоспары жаңартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.