Ақмоладағы «Айна-ресурс» ЖШС -не қарасты шахталардың бірінде тау сілемесі құлады. Апат кезінде екі адам жер астында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға бүгін түнде тіркелді.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтадағы топырақ астында 1990 және 1991 жылы туған ер адамдар қалып қойыған. Қазір олар Астрахан аудандық ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, деп жазды Stan.kz.
Тау сілемінің құлауы туралы хабар құтқарушыларға түнгі сағат 3 шамасында келіп түсті.
«Құтқарушылар «ТРЭКОЛ ВЕГА» жол талғамайтын көлігімен шақыру орнына жіберілді. 1991 және 1990 жылғы екі ер адам 100 метр тереңдікте ауыр халде болды, оларды шахтадан басқа кеншілер алып шықты және құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Метеорологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге жете алмады. Құтқарушылар төтенше жағдай орнына дәрігерлермен бірге шығып, зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялады», – деді Астрахан ауданының ТЖБ бастығы Аят Сералиев.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024