21-07-20 |
1080 рет қаралған
Көбейтұзды полиция күзетіп тұр.
Көбейтұзды полиция күзетіп тұр

Ел ішінде «Қызғылт көл» атанып кеткен Көбейтұзға полиция күзеті қойылды деп хабарлайды Ақмола облысы полиция депортаменті.

«Санитарлық нормалардың бұзылуына жол бермеу мақсатында, Ақмола облысы жол-көлік оқиғасы басшылығының тапсырмасы бойынша, Көбейтұз көліне бағытындағы екі автожолда тыйым салынған аумаққа кіруді және шығуды бақылау бойынша үш мобильді бекет қойылды. Полиция экипаждары қосымша патрульдеуді көлдің жағалау аймағында жүзеге асырады. Сонымен қатар ауданның жергілікті атқарушы органдарымен жасанды бөгеттерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде», -деп хабарлайды құзіретті орган.

Карантинді іс-шараларға барлығы 15 полиция қызметкері, сондай-ақ санэпидемиологтар мен аудан әкімдігінің өкілдері жұмылдырылды.

«14-19 шілде аралығында жүргізілген рейдтік және алдын алу шараларының нәтижесінде Ерейментау ауданы аумағында 34 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 18 демалушылардың қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша, 16 – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша», – деп хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде «Көбейтұз», «Теңіз», «Құрмет», «Қоржынкөл» көлдеріне және Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан барлық көлдерге баруға тыйым салынды. Бұл шешім аудан тұрғындары арасында COVID-19 ауруы жағдайларының өсуіне байланысты қабылданды. 21 шілде күні Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Көбейтұз көліне деген варварлық қарым-қатынас және кейбір азаматтардың жауапсыздығы көлдің тозуына және оның жойылуына алып келуі мүмкін деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.