20-03-19 |
5720 рет қаралған
Ақтөбе: Әбілқайыр хан даңғылының жартысы Назарбаевтың атына берілді.
Ақтөбе: Әбілқайыр хан даңғылының жартысы Назарбаевтың атына берілді

Ақтөбе қаласының орталық көшесі – Әбілқайыр хан даңғылының жартысы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәслихат депутаттарының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевтың атына берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, даңғылдың Әлия Молдағұлова мен Бөкенбай батыр арылығы – 3,1 шақырымы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына берілген. Көшенің бұл аралығында әкімшілік орталық, бірінші президент саябағы орналасқан.

Бүгін президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев парламентте сөйлеген сөзінде облыс орталықтарының басты көшелерін Н.Назарбаевтың атына беру туралы ұсыныс айтқан еді. Президенттің ұсынысы дереу іске аса бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.