Ақтөбе қаласында «Қыдыр ата» атындағы аялдама әкімдіктің рұқсатымен салынды. Көпшілік емші атындағы аялдаманы қасиетті санап, табынып кетпей ме? Жаңа атауға ие болған аялдамаға қазірден сәлем етіп жүргендер бар.
Ақтөбе әкімдігінің айтуынша, Жанарыс Жақсылықұлына сыйынушылар аялдаманы осылай атауды сұраған. Демеушілердің қаржысына тұрғызылатын қоғамдық көлік аялдамасына емшінің атын беруді жергілікті әкімдік әбес көрмеген.
«Тұрғындар хат жазып өтініш түсірді. Демеушілік есебінен өзіміздің көшеге аялдама орнатып, Қыдыр атаның атын жазып қоюға рұқсат сұрады. Аялдама орнату талаптары түсіндірілді. Өтініштері ескеріліп, рұқсат берілді», – деп хабарлады қалалық әкімдік.
Емшілікпен айналысқан Жанарыс Еңсеповтың қайтыс болғанына биыл екі жыл. Туыстары мен емделушілердің қолдауымен салынған аялдама жанынан сәлем салып өтетіндерді көрдік.
«Қыста әкімдікке ұсыныс айттық. Олар қарсы болмады. Архитектурадан, жер бөлімінен рұқсат алып, ресми заңдастырып салынған», – деді емделушілердің бірі екені айтқан Берік Жұбаниязов есімді азамат.
Мән-жайды кезінде Жанарыс Жақсылықұлы ем жүргізген үйіне барып, емшінің жұбайынан да сұрадық. Емші өмірден озса да, есігінің алдында көмек сұрап ем алып жүргендер көп.
«Есік алдында адам аяғы үзілген емес. Мен адамдардың алдына шықпаймын. Шықсам, емші қылып жібереді. Балалары да ем жүргізбейді. Мен рұқсат бермеймін», – деді емшінің жұбайы Алмагүл Еңсепова.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024