14-05-21 |
2150 рет қаралған
Ақтөбеде ант бұзған агенттік қызметкері 60 млн теңге пара алған.
Ақтөбеде ант бұзған агенттік қызметкері 60 млн теңге пара алған

Ақтөбедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істерінің аға офицері 12 жылға бас бостандығынан айрылды. Адал болуға ант қабылдап, жемқорлықпен күреске жұмылдырылған өкілдің 60 млн теңге пара алғаны сотпен дәлелденді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алаяқтық және пара алу фактісі бойынша қылмыстық істің үкімін шығарды.

Сот мәліметінше, 2019 жылдың 5 шілдесінде Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері ЖШС иесін есептелген салықтар мен өсімпұлдарды азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермелеп, оның 60 000 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, тергеу, жедел-іздестіру іс-шараларының хаттамаларымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды.

Нәтижесінде сот оны ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сот жазаны тағайындау кезінде қабылданған анттың бұзылуын ауырлататын жағдай деп таныды.

Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.