17-09-21 |
1710 рет қаралған
Ақтөбеде директор ұстаздардан ақша жинаған.
Ақтөбеде директор ұстаздардан ақша жинаған

Ақтөбеде мектеп директоры ұстаздардан мәжбүрлеп ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Ақтөбе облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, директордың міндетін атқарушы мұғалімдерге шыбын-шіркейден қорғайтын тор сатып алуға ақша жинауды міндеттеген. 

«Биыл білім беру саласына қатысты 75 қылмыстық іс тіркелді. Көбі парақорлық пен мемлекет мүлкін талан-таражға салуға қатысты болды. 1424 Call орталығына мұғалімдерден және ана-анадан заңсыз ақша жинауға қатысты хабарламалар да түсіп жатыр. Көбі мектеп қажеттілігі үшін ақша жинайтынын айтады. Таяуда бір аудандағы мектеп директорының міндетін атқарушы мұғалімдерден 600 мың теңге ақша жинап алғаны туралы хабарлама түсті. Тексеруден соң ақшаның білім беру ұйымына, нақтыласақ, шыбын-шіркейден қорғайтын торға бағытталғаны анықталды. Директордың міндетін атқарушы тәртіптік жазаға тартылды», – делінген департамент хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.