22-09-21 |
2260 рет қаралған
Ақтөбеде ер адам ішімдік ішкен күйі тепловоздың төбесіне мініп кеткен.
Ақтөбеде ер адам ішімдік ішкен күйі тепловоздың төбесіне мініп кеткен

Ақтөбеде тепловоз төбесіне мініп, вагонға секірген тұрғынды желілік полиция қызметкерлері түсіріп алды. Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің өкілі Жакен Артықов жағдайды баяндап берді. 

Оқиға 21 қыркүйек күні «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар  пойызында болған.

«Кеше сағат 15:30- да «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушы пойызы Ақтөбе вокзалына келді. Халық түсіп болғаннан кейін маневрлік тепловоздар бас вагондарды паркке алып кетеді. Сол кезде белгісіз ер адам маневрлік тепловозға мініп алады. «Төменге түсіңіз» деген ескертуді тыңдамаған. Жағдайды перронда жүрген полиция қызметкерлері байқайды. Ер адам тепловоздың үстіне мініп, вагонға қарай секіріп кетеді. Теміржол полициясының қызметкерлері оны сол жерде түсірді»,- дейді Жакен Артыков.

Тексеру кезінде ер адамның ішімдік ішкені анықталды. Жауап алу кезінде ер адам Алматы деген жазуды көріп, мініп кетуді ойлағанын айтқан.

«Пойыз төбесіне мінген ер адам 25-30 жас шамасындағы қазақ жігіт. Жұмыссыз. Өзінің айтуынша, Ақтөбе қаласында бес жылдан бері тұрады. Туған жері Алматы облысы»,- деді Артыков.

Қазіргі уақытта ұсталған адам әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған «Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу», «Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу», «Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу» баптарымен жауапқа тартылды.

Ұсталған жігіт бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.