02-02-22 |
1900 рет қаралған
Ақтөбелік атқамінерлерден кемшіліктерді түзеу талап етілді.
Ақтөбелік атқамінерлерден кемшіліктерді түзеу талап етілді

Ақтөбеде мемлекеттік сатып алу порталынан кемшіліктер анықталды. Ақылға қонымсыз лоттарды байқаған қоғамдық бірлестіктер дабыл қақты.

Ел Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырып, халықтың құқықтық білімін арттыру және қорғау қызметтерін атқарып отырған «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі құқық қорғау органдарына шұғыл хат жолдады.

«Өз міндеттемемізге сәйкес мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіп отырамыз. 2022 жылдың 6 қаңтарынан бастап, «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» және «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрықтардың талаптарын бұзылғыны табылды. Жіберілген кемшіліктерді жою және жарияланған мемлекеттік сатып алудың қүшін жою үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымдарына хат жолданды»,-дейді «Әділдік жол» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысы Асылбек Байменов. 

Қоғамдық ұйым ұсынған мәліметтерге сүйенсек, №48238455 лоты бойынша сұйытылған газ сатып алу бағасы ҚҚС-н қоспағанда 1 литрге 60 теңге болып жарияланып тұр. Негізінде тауар бағасы ҚҚС-сыз 44,64 теңге болып жариялануы тиіс болатын. Осыған ұқсас жағдай 46 мемлекеттік сатып алуға берілген хабарландыруларда да көрініс тапқан. Жалпы сомасы 28 372 187.49 теңге.

Бірлестік осыған ұксас жағдайлардың қайталанғанын, жауапты тұлғалардың қателіктен сабақ алмайтынына өкініш білдірді. 

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.