Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бөріхан Беркімбаевтың 32 жастағы ұлы 15 жастағы оқушыны көлікпен қағып кетіп, оқушы көз жұмды. Бұл туралы жергілікті diapazon сайты хабарлады. Оқиға 3 желтоқсанда болған.
Көлік иесі тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалған. Ал оның әкесі – депутат Беркімбаев «балам заң бойынша жазасын алады, оған ара түспеймін» депті.
«Көліктің рулінде менің ұлым болған. Ертесінде отбасына көңіл айттым, жерлеуге қатыстым. Ұлымды ақтауға тырыспадым. Ол кінәлі. Заң бойынша жауап береді. Қазір ол тергеу изоляторында. Ұлымды ақтамаймын, бірақ оқиғаның қалай болғанын айтқым келеді. Сол күні ұлым жаттығудан қайтып келе жатқан. Сау болған. Есірткі қабылдамаған. Экпертиза анықтады. Ешқандай жол үстінде жарыс болмаған. Баламның үш баласы бар. Жол апатынан кейін ол қашпай, жедел жәрдем шақырған. Өз кінәсін мойындады. Заң жүзінде жазасын алады», – депті Беркімбаев.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024