04-02-22 |
1800 рет қаралған
Онлайн жұмыс: Ақтөбелік шенділер WhatsApp-пен ғана бақылау жүргізетінін мойындады.
Онлайн жұмыс: Ақтөбелік шенділер WhatsApp-пен ғана бақылау жүргізетінін мойындады

Ақтөбелік шенділер азық-түлік сапасын WhatsApp арқылы қадағалап отырғандарын айтты. 

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов мен
әлеуметтік тауарлар тізіміне енген азық-түліктің дүкен сөрелеріне жеткізілуін WhatsApp желісі арқылы қадағалайды. Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тікелей эфир өткізген шенді кабинеттен шықпай-ақ қалай бақылау жүргізетінін айтып берді.

«Картоп сапасын тексеру бір жолға қойылды. «Пригородный» ЖШС-і, өзге де моменттер болды. Соның бәрі ескерілді. Тиеу, сұрыптау, жүк көлігін бекіту, сауда нүктелеріне жеткізу аралықты күнделікті бақылап, WhatsApp​ чат арқылы қадағалап отырмыз. Яғни, тиелгеннен бастап дүкенге жеткенше қалағалаймыз. Соның ішінде базарларды басқару мекемесі өнімді тексереді. Кейін сауда желілеріне барған кезде қызметкерлер қабылдап, сапасы жақсы деп чатқа салады. Сауда желісінің басшысы өнім келді, сөреге қойылды деп есебін беріп отыр.
әлеуметтік азық-түлік тауарларының дүкен сөрелерініне жеткізілуін WhatsApp желісі арқылы бақылап отырғандарын айтты»,-деді​ Исатай Еспағанбетов.

Әкімдік таратқан мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өнімдерінің кейбір түрлеріне өсім байқалады, атап айтқанда: қарақұмық жармасы 1,2%​ (5тг.), картоп – 14,3% (15 тг.), қырыққабат – 2,7% (3 тг.), сәбіз-2,7% (3 тг.), тұз – 2,3% (1тг.)-ға өскен.

Жергілікті атқарушы органдар күн сайын 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізіп отыратынын жеткізді.

«Мониторинг тобы тауарға 15% үстемеақысын қосу талабының орындалуын қарайды. Ақтөбе қаласының әкімдігі, кәсіпкерлік бөлімі үй жанындағы кішкентай азық-түлік дүкендеріне 900-ден астам хабарлама берді. олар әрі қарай мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының әкімдігі «Дина» сауда желісіне әкімшілік іс қозғап, хаттама толтырылды. Компания шешіммен келіспей, сотқа жүгінді»,- дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Сала мамандары облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша жұмыстар жалғасатынын және мәселе тұрақты бақылауда болатынын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.